"Астана Су Арнасы" МКК Экологиялық саясаты

«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

 

Астана халқымен бірге соңғы үш жылда Кәсіпорынның басты өндірістік көрсеткіштері яғни, өнеркәсіптік, өндірістік, тұрғын үйлер мен ғимараттарды қалалық сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріне қосылуы айтарлықтай өсті.

Осыған орай, Астана су қоймасынан су жинау, тазартылған сарқынды суды ағызу және кәсіпорын нысандарында өндірілген қалдықтардың көлемі артып келеді.

Кәсіпорын табиғи ортаны қалпына келтіруге ықпал ететін шығарындыларға рұқсаттың бір бөлігі ретінде қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірледі. 2016 жылға арналған кәсіпорынның бұл шарасы 6 бөліктен тұрады:

-       «Ауа бассейінің қорғау» бөлімі бойынша парниктік газдарды түгендеу жөніндегі іс-шаралар, атмосфераға ластайтын заттардың станционарлық көздерден шығарылуын өлшеу, ағынды суларды тазарту қондырғыларындағы қазандық зауытында жөндеу жұмыстарын жүргізу. Игерілген соммасы 14 469 211 теңге.

-       «Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану» бөлімі бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерін ауыстыру мен қайта құру, оның ішінде ғимараттар мен тұрғын үйлерге және кәрізге су беру жұмыстары жүргізілді; санитарлық-техникалық кешендерді сумен жабдықтау және кәріз желілеріне, сондай-ақ ауыз су мен ағынды суларды тазарту құрылыстарына; кәріз тазарту құрылыстарындағы жоспарлы-ескерту жұмыстарын жүргізу. Игерілген соммасы 289 235 411,25 теңге.

-       «Жағалық және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау» бөлімі бойынша құрғатылған шөгінділерге арналған тұндыру учаскелеріндегі қоршаған ортаның (ауа, жер асты суылары және топырақ) жай-күйіне мониторинг жүргізу; ағызатын орындар қоршалған, асфальтталған, қоқыс жинауға контейнерлер және бейнетіркегіштердің барлығы кәсіпорын есебінен орнатылған. Игерілген соммасы 212 100 теңге.

-       «Флора мен фаунаны қорғау» бөлімі бойынша кәсіпорынның обьектілерінде ағаштар мен бұталар көшеттерін отырғызу. Бұдан басқа, жалпы қалалық сенбілік аясында көгалдандыру және бұта мен ағаш көшеттерін отырғызу. Игерілген соммасы 2 575 095 теңге.

-       «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» бөлімі бойынша қалдықтарды уақытша сақтауға арналған металл контейнерлер, кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға қалдықтар тапсырылған. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған арнайы бөшкелер, қаптар мен жәшіктер алынды. Қатты тұрмыстық қалдықтар келісім-шарт бойынша өз уақытында шығарылады. Сонымен қатар, тұнба, күл қалдықтарын орналастыру бойынша абаттандыру жүргізілді. Игерілген соммасы 2 763 626 теңге.

-       «Экологиялық білім және насихат» бөлімі бойынша газет пен журналдар заңнамадағы өзгерістермен танысу үшін жазылған. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК-да 1-санаттағы инженер-технолог біліктілігін арттырды. Игерілген соммасы 217 248 теңге. (фота)