Жаңалықтар

«Астана Су арнасы» МКК-да контролер және екі газ-электр дәнекерлеушілері марапатталды.

Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында «Астана су арнасы» кәсіпорынның 3 айрықша қызметкерін алғыс хаттар табысталды. Аверьянова Алена Сергеевна, өткізім қызметінде жеке тұлғалар бойынша контролер, жұмыс өтілі – 4 жыл. Алена - волонтерлік қозғалыстардың белсенді қатысушысы. Карантин кезінде бойжеткен көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына, мүгедектер мен қарттарға азық-түлік сепеттері және дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысқан еріктілердің қатарында болды. 2013 жылдан бастап ол қан орталығының доноры болып табылады. РМУ-дың газ және электр дәнекерлеушілері Исмадиев Балкен Амангелдинұлы, жұмыс өтілі – 2 жыл және Медеу Алмаханұлы Тотаев, жұмыс өтілі 5 жыл. «Астана су арнасы» мекемесінің аталмыш екі қызметкері төтенше жағдайларды жою кезінде кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

0C1A1934.JPG

0C1A1937.JPG

0C1A1932.JPG

«Астана су арнасы» МКК Бас директоры Зейнулкабден Т.К. жиналғандардың барлығын мерекемен құттықтап, кәсіподақтың қызметін және оның «Астана су арнасы» жұмысшыларының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ қызметкерлерге қиын жұмыстарында үлкен табыстар, өркендеу мен жұмыстың тиімділігін, отбасыларында амандық тіледі.

0C1A1941.JPG0C1A1944.JPG0C1A1945.JPG

Іс-шараға 8 кәсіподақ активтері де шақырылды: өткізім қызметінің бастығы – Бектасова К.К., заң бөлімінің бастығы –  Бейсенаев Г.Р., жедел диспетчерлік қызметтің бастығы – Жармаков А.Д., сумен жабдықтау қызметі бөлімінің бастығы – Костишин И.Н., шеберханалардың жетекшісі – Бернер А.Н., Тайбергенова З.Р., өткізім қызметінің маманы – Ужахова Р.М. және Кушкенгулова А.К. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан кәсіподақтың нәзік жанды мүшелеріне гүл сыйланды.