Жаңалықтар

"Астана су арнасы" Қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталды

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" ҚЫЗМЕТКЕРІ "ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

"Астана су арнасы" Қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталды

Сотрудника “Астана су арнасы” наградили орденом “Құрмет” - Informburo.kz

Сергей Владимирович Вилков, "Астана су арнасы" бас директорының сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін пайдалану жөніндегі орынбасары "Құрмет" орденімен марапатталды.

Жұма күні Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін республиканың мемлекеттік марапаттарын тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты жиында Бақыт Сұлтанов баршаны келе жатқан мерекемен құттықтап, Астана мен еліміздің игілігі үшін еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жауапты және адал жұмысы үшін алғысын білдірді.

- Бұл залда қаланың еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері, ардагерлер, дәрігерлер, депутаттар, бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды. Баршаңызды бір ортада біріктірген ортақ нәрсе: біздің қалаға, кәсіпке, өз ісіңізге деген махаббат. Сіздердің арқаларыңызда біздің елордамыз дамып жақсарып келеді, – деді Бақыт Сұлтанов.

– Мемлекеттік марапаттың берілуі – бұл өмірде өз кәсібін тапқан адам ең биік шыңдарды бағындыра алатынының дәлелі, – деп Астана әкімі жалғастырды.

"Құрмет" орденінің кавалерлерінің бірі "Астана су арнасы" МКК бас директорының сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін пайдалану жөніндегі орынбасары Сергей Владимирович Вилков болды. Сергей Владимировичтің еңбек кітапшасында бір ғана жазба бар: ол ұйымда 37 жыл жұмыс істеп келеді. 1980 жылы ол "Горводоканал" трестіне өндірістік практикаға түсті. Оқуды жалғастыра отырып, Сергей Вилков "Горводоканалға" жұмысқа слесарь болып орналасты және институт аяқталғаннан кейін Ленин су құбыры учаскесінің шебері болып тағайындалды. 2000 жылдан бастап ол "Астана су арнасы" МКК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Бұрын Сергей Владимирович "Ерен еңбегі үшін", "Астанаға 10 жыл" медальдарымен марапатталған.