Жаңалықтар

Заңды тұлғаларға хабарлама

Уведомление для юридичекских лиц (2).jpgҚұрметті тұтынушылар!

 

"Астана су арнасы" МКК бүгінгі күні кәсіпорынмен коммерциялық және/немесе кәсіпкерлік қызмет объектілерін (жатақханалар, жеке моншалар, дүкендер және т.б.) 3.1 тобының тарифтеріне ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды. (заңды тұлғаларға арналған тарифтер).

Осы санатқа жататын тұтынушыларға тарифті аудару үшін кәсіпорынға "елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары" деген 13, 2-тармақтарға сәйкес, объект жаңа иесіне ауысқан кезде, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу үшін объект әділет органдарында тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.жүгіну қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Тарифті өз бетімен аудару үшін жүгінген тұтынушылар айыппұл санкцияларына ұшырамайды, сондай-ақ оларға қатысты өткен кезең үшін қосымша есептеу жүргізілмейді. Сонымен қатар, мұндай тұтынушылар үшін құжаттарды қабылдау жеңілдетілген режимде жүзеге асырылады, онда жеке куәлік пен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну қажет болады.

Осы талаптарды орындамайтын тұтынушыларға Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айыппұл санкциялары қолданылатынын назарға алуды сұраймыз.