Жаңалықтар

Call орталық "Астана су арнасы" МКК бір күнде 4000-нан 6000-ға дейін кіріс қоңырауларын өңдейді

          Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылары!. "Астана су арнасы" МККның анықтамалық-ақпараттық орталығына хош келдініздер.

          Тұтынушылармен жұмыс істеу біз үшін басты міндет болып табылады. Ақпараттық орталықтың операторлары абоненттерге сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қатысты сұрақтарға кенес береді. Шарт жасасу алдында ұсынылатын құжаттаманың тізбесі және ақпараттық-есеп айыру учаскелердің және тұтынушыларға қызмет көрсету оралықтарының мекен-жайлары ескертіледі. Есепке алу құралдарын пломбалау жөнінде кеңес жүргізіледі, сондай-ақ түбіртекте көрсетілген су-кәріз қызметтері үшін есептеулер бойынша және жүргізілген төлем, сальдо, төлеуге берілетін сома, тариф бойынша түсініктеме жүргізіледі.

          Суды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Деректер сәйкес келмеген жағдайда, бақылаушы одан әрі түзету үшін нақты көрсеткіштерді алуға жіберіледі. Есепке алу аспаптары істен шыққан кезде және авариялық жағдайларда пломбаны шешуге өтініш қабылдаймыз, тұтвнушыға одан арғы іс-әрекеттері түсіндіріледі. Бақылаушы тиісті акт жасап, тұтынушыға есепке алу құралдарын ауыстыруға рұхсат беруге жіберіледі.

           Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады. Ақпараттық орталық 10-нан айдың соңына дейін сағат 09: 00-ден 19: 00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал жұмыс уақытынан кейін сағат 19:00-ден 09: 00-ге дейін дауыстық режим жұмыс істейді, жазылып алынған таспаны оператор тыңдап, дерекқорға енгізеді.

            Айдың соңында, 20-дан кейін, тұтынушы ақпараттық орталыққа қоңырау шала алмай қалуы мүмкін, бірақ бұл байланыс орталығы жұмыс істемейді деген сөз емес. Себебі қала қарқынды түрде салынып, өсіп келе жатыр, сәйкесінше тұтынушылар саны да артты. Сондықтан жүйеге улкен жүктеме бар. Күніне колл орталығының операторлары 4000-нан 6000-ға дейін кіріс қоңырауларын өңдейді. 1302 және 270-370 қоңырау шалу нөмірлері жұмыс істейді және тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін біздің мекеме +7 7780037070 ұялы телефон нөмірін орнатты. Kcell/activ операторларының абоненттері үшін байланыс тегін. Ал қалған ұялы байланыс операторлары үшін белгіленген тариф бойынша.

Сонымен қатар, Есептеу құралдарының көрсеткіштері онлайн режимінде қабылданады, мысалы:

Эл.пошта astanasu1302@mail.kz , www.astanasu.kz сайтының жеке кабинеті, Смарт Астана мобильді қосымшасы.

 

Біз сіздің қоңырауыңызға қуаныштымыз, Барлықтарыңызға бақыт пен амандық тілейміз

0C1A3462.JPG