Новости

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ МЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ.

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ МЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ.

Кәріз-тазарту ғимараттарының қызметкерлеріне арналған 21 маусымдағы мерекелік кеші әуеннен және қонақтарды күтуден басталды. Бұл жерде салтанатты сәт өтуде. Көптен күткен спорт алаңы ашылып жатыр. Алаңға кіру алдыңда қызыл жібек бауы керілген. Тарихи кезеңі басталып жатыр: тұсаукесердің салтанатты рәсімі! Жаңа спорт алаңының дәстүрлі тұсауын кесуге: «Астана Су Арнасы» МКК Бас директоры  - Зейнұлқабден Табиғат шақырылады.

 




Кейін барлығы алаңға кірді, Қазақстан Республикасының әнұранын орындау рәсімі басталды.





Содан соң Табиғат Қабденұлы барлық қызметкерлер мен қонақтарды алаңның ашылуымен құттықтады және денсаулық пен спортқа арналған тақырып жыл сайынғы ҚР Президенті Жолдауындағы басты басымдардың бірі екенін атап өтті. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына түсінік бере отырып, "Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар болашақта ұлтымызды дені сау болып көру, үлкен спортқа резервте болу үшін көпшілік спорт және дене шынықтырумен айналысу саласындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» - деген маңызды дәйексөздерін белгіледі.



КТҒ қызметкерлеріне осы спорт алаңын кәсіпорнының әкімшілігі мен кәсіподақ кеңесі сыйға тартты. Сонымен қатар, цехте бірге жұмыс істейтін әріптестері де өздерінің естелік сыйлықтарын – спорттық костюмдерін және театрға қоюға арналған ойын-сауық бағдарламасын ұсынады. 



















«Астана Су Арнасы» МКК барлық қызметкерлері жаңадан салынған жасыл алаңына өте қуанышты болды. Ол таза ауада шағын футбол ойнауға арналған, сонымен қататр Кәріз–тазарту ғимараттарының қызметкерлері арасында кеңінен танылған. Өйткені лай алаңдарында жұмыс істеу олардың денсаулықтарына өте қауіпті болып табылады. Ал қазіргі уақытта олар үшін өздерінің хал-жағдайларын жақсартуға және де спорттық күштерін  нығайтуға барлық мүмкіндіктер жасалған.


Су жолшыларын шағын алаңының ашылуымен құттықтауға кеншілер өңірінен, нақты айтқанда «Қарағанды су» МКК әріптестері келді. Оларды жылы және бұрынғы уақыттан бері келе жатқан қарым-қатынастар біріктіреді. Футболшылар алаңға шығып, достық ойын ойнады.




Жайлы жасыл алаңына футбол ардагерлері де шықты. Осылайша олар салауатты өмір салтын және спорт дәстүрлерін дамытатындарын көрсетті. 















КТҒ аумағында одан басқа, бірнеше рет барғаннан бастап барлық дене мүшелерін шынықтыратын, әйелдерге арналған қолайлы жаттығу залы ашылды.









Спорт алаңының ашылуы достық шай ішумен аяқталды.