Жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар!

Құрметті тұтынушылар! 8 сәуірде Бөкейхан көшесі, 2, 6, 8 мекен-жайлары бойынша кәріз коллекторының құдықтары еріген қар суына толғанын хабарлаймыз. Жақын маңдағы тұрғын үй кешенінде кәріз құбыры жүйелерінің тығыздығының аз болуынан автотұрақты су басуда. 

«Астана Су Арнасы» МКК бригадасы жертөлеге жиналған еріген қардың суын вакуумдық техника көмегімен сорып алды. Содан соң автотұрақта гидрооқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар су тасқыны кезінде тұтынушылар сумен жабдықтаудан ажыратылмағанын да ескерту қажет.

Еріген қар суының толып кету мәселесін түбегейлі жою үшін Тұран даңғылынан Қорғалжын тас жолына дейін D-1600 мм коллектор салу жоспарлануда.