Жаңалықтар

Қазақстан кәсіподақтары күніне орай кәсіподақ белсенділерінің кездесуі


         Қазақстан кәсіподақтары күнімерекесі қарсаңында 8 қазанда «Астана су арнасы» МКК-да өндірістің алдыңғы қатарлы қызметкерлері мен кәсіподақ белсенділеріне салтанатты құрмет көрсетілді.

         Мерекелік іс-шараға жоғары өндірістік көрсеткіштерге қолжеткізген кәсіпорынның 9 негізгі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері шақырылды.

         Кездесу барысында «Астана су арнасы» МКК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары С.Вилков кәсіпорынның бірінші басшысының атынан қатысушыларды кележатқан мерекемен құттықтап,  қаланың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы өндірістік міндеттерді күнделікті жедел шешуге бағытталған жоғары кәсібилігі мен лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысхаттар табыс етті.

         «Астана су арнасы» МКК кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Темірболатов көп жылғы және адал еңбегі үшін салалық кәсіподақтың "Елеулі еңбек үшін" жоғары ерекшелік белгісімен жөндеу-құрылыс учаскесінің бастығы Жәміл Маратұлы Төлегенов аталып, марапатталды.

Соныменқатар, кәсіподақ ұйымынан өндіріс озаттарына ақшалай сыйақылар табыс етілді.