Компания жаңалықтары

Медиатренинг өтті

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында медиатренинг өтті.

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Астана-Теплотранзит» АҚ өкілдері қатысты.

Медиатренинг барысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындармен тиімді коммуникация орнату, ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру және ұлттық жобаны іске асыру барысын халыққа дұрыс жеткізу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында сала мамандары тәжірибе алмасып, энергетика және коммуналдық секторлардағы өзекті бағыттар бойынша пікір алмасты.