Тарихы

ТАРИХ

Су арнасының тарихы

Ақмола қаласында өткен ғасырдың жартысында ең бірінші су құбыры, кейін кәріз жүйесі пайда болды. Бұл жаңалықпен қала тұрғындарының тұрмыс-салты өзгерді, заманауи тұрмыс дами бастады.

Есіл өзені Қарағанды облысының солтүстігіндегі Нияз тауынан бастау алады. Есіл өзені жарты ғасыр бұрын мөлдір әрі таза болатын, жергілікті тұрғындар ауыз су ретінде қолданылған. Қалада көптеген су таситын машиналар жүрді. Өзеннің сол жақ және оң жақтарында құрылған арнайы тақтай мостыларға өтіп, су тасығыш көліктерге үлкен черпактар арқылы бөшкелеріне су құйып отырған. 1940 жылы Ақмолада су құбыры болмағандықтан ең бірінші босаған мекеме Ақмола мемлекеттік электростанциясын қайта жөндеді, жасалған ұнғыма жанынан қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сорғы станциясын орнатты. Көпті көрген қала тұрғындарының айтуынша 50-ші жылдары орталықтағы сорғы станциясының маңынан үлкен кезекті көруге болатын еді және бұл кезек су таситын аттар, арбалар, ағаш бөшкелермен жалғасатын.

Ақмола аймағында мамандандырылған кәсіпорын «Су арнасы» құрылғанға дейін күніне шамамен 8 м3 су шығаратын бірнеше ұңғымалар болды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, елорданың біздің қалаға көшуі «Астана су арнасы» МКК еңбектенуші ұжымының алдына жаңа, әрі күрделі міндеттерді қойды.

Бүгін, «Астана су арнасы» МКК елорда халқының өмірі сүруіне қажетті қызметтердің бірі болды. «Астана су арнасы» МКК қызмет ету жылдарында есеюдің үлкен сынақтарынан өтті. Су арнасының құрылғанынан бастап осы уақытқа дейін тікелей және бейнелі мағынада аз су кеткен жоқ. Өткен ғасырда өз қызметін бірнеше мұнара, шағын шахта құдықтары мен Есіл өзені бойындағы кішігірім жағалау су құбырынан бастаған болса, қазіргі кезде кәсіпорынның қуатты өндірістік-техникалық тазалау құрылғылары, сорғы станциялары бар.

«Астана су арнасы» еңбек етуші ұжымының мол тәрибесі және жоғары кәсіби басқаруы елдің нарықтық қатынастарға көшу кезінде өзінің озық позицияларын жоғалтпай, керісінше оларды нығайтты. Қазіргі кезенде енгізілген озық технологияларды, сонымен қатар инвестицияларды тарту арқылы, тек біз ғана емес, сонымен бірге балаларымыз бен немерелеріміз де пайдаланатынын сеніммен айта аламыз.