Құрылымы

ЕЛЖАСОВ

Абылай Аралбайұлы

(бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер)

Елжасов Абылай Аралбаевич Целиноград қаласында 1966 жылы желтоқсан айының 16-да дүниеге келді.

Білімі жоғары. 1995 жылы «Сумен жабдықтау және кәріздендіру» мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын тәмамдады.

1999 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдады.

Еңбек қызметін 1991 жылы Қарағанды қаласындағы «Қарағанды су арнасы» ААҚ су тазарту станциясының басшысы қызметінен бастады.

1998 жылы Қарағанды қаласында «Су арнасы» ААҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

2000 жылы «Астана су арнасы» МКК өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып тағайындалды.

2001 жылы тамыз айында «Астана су арнасы» МКК бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ерекше еңбектері:

1985 жылы «От благодарного Афганского народа» медалімен марапатталды.

1987 жылы «Воин -интернациалист» медалімен марапатталды.

1987 жылы КСРО Кеңесінің Құрмет граммотасымен марапатталды.

Үйленген, үш баласы бар.

IMG_1167.JPG


ВИЛКОВ

Сергей Владимирович

(сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін пайдалану бойынша

бас директордың орынбасары)

Вилков Сергей Владимирович Целиноград қаласында 1959 жылы желтоқсан айының 28-де дүниеге келді.

Білімі жоғары. 1984 жылы «Сумен жабдықтау және

кәріздендіру» мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын тәмамдады.

Еңбек қызметін 1981 жылы Целиноград қаласындағы қалалық су құбыры учаскесінің тексерушісі қызметінен бастады.

1984 жылы Целиноград қаласы Лениндік участкісінде су құбыры участогінің мастері болып тағайындалды.

1985 жылы  Целиноград қаласы Лениндік участкісінде участок басшысы болып қызмет етті.

2000 жылдың қыркүйек айында қызметтік сатыда лауазымы жоғарлап, «Астана су арнасы» МКК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.

IMG_1153.JPG



Асқаров Эльдар Ерғалиұлы

(«Астана су арнасы» МКК бас директордың экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары)

1977 жылы дүниеге келді, ұлты – қазақ, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді, үйленген, екі баласы бар.

Асқаров Э.Е. екі жоғары білімі бар. Павлодар қаласы С.Торайгыров атындағы Мемлекеттік университеті «Экономист-менеджер» мамандығын және С.Сартаев атындағы Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «Заңгер» мамандығын тәмамдады. Барселон (Испания), Лондон қалаларында (Великобритания) қаржылық талдау, ішкі аудит, қаржылық және кредиттік тәуекел, қаржы нарығындағы бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуды дайындау туралы халықаралық курс-семинарлар және «Ұжымдық тәуекелдерді басқарудың» жолдамасы бойынша И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде біліктілігін арттыру курсын өтті.

Еңбек өтілі – 19 жыл, еңбек қызметі 1998 жылы басталды.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы құрылымында – Иновациялық жобалар бөлімі басшысының орынбасары (2002 – 2004 ж.ж.), Тәуекелдерді басқару қызметінің басшысы (2004 – 2009 ж.ж.), Алматы қаласындағы банк және қаржы институттарында – «БТА Банкі» АҚ Проблемалық несие басқармасының басшысы (2009 – 2011 ж.ж.), Астана қаласындағы «Қазақстанның даму банкі» АҚ Проблемалық несиелер департаментінің директоры (2011 – 2014 ж.ж.), Алматы қаласындағы «Проблемалық несиелер қоры» АҚ Тәуекелдер департаментінің директоры (2014 – 2016 ж.ж.) қызметі міндетін атқарды.

Соңғы атқарған лауазымы – «Тұрғын үй құрылысы қорының дамуы» АҚ Басқарма Төрағасы.

0C1A2892.JPG



НҰРМАҒАМБЕТОВ

Қанат Қабдырахымұлы

(өтім жөніндегі бас директордың орынбасары)

Нұрмағамбетов Қанат Қабдырахымұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.«Фемида» Қарағанды Заң Академиясы (2003-2008 жж) заңгер мамандығын және Орталық-Қазақстандық академиясы  (2014-2016 жж) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын аяқтаған. Заң ғылымдарының магистрі академиялық атағы бар. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы: «Қызмет көрсетушілердің іс-әрекеттеріндегі заңдылықтар», «Жер астындағы суларды – қатаң бақылауға алу», «Есептеу құралдарын орнату – отбасылық бюджетін үнемдеуге қадам басу», «Төленбеген су қанша дебиторлық қарыз тудырады», сонымен қатар қылмыстық  құқығы туралы бірнеше мақалалары да бар.  

Өтім бөлімінің тиімді жұмысын ұйымдастыру, стратегиялық және тактикалық маркетингі – жоспарлау және тиімді іске асыру бойынша курс-семинарлардан өтті.

Жалпы жұмыс өтілі -12 жыл.

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды облысы мобилизациялық әзірлеу, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттарды алдын алуды ұйымдастыру және жою жөніндегі департаменті» ММ объект инженері болып бастады.

Коммуналдық шаруашлығы саласында (су шаруашылығы қызметін ұсыну) 2010 жылдан бастап еңбек атқарып келеді. «Қарағанды Су» ЖШС өтім бөлімінде заң кеңесшісі, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген (2012-2016 гг).

2016 жылы «Астана Су Арнасы» МКК заң бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Астана Су Арнасы» МКК өтім жөніндегі бас директордың орынбасары.

Үйленген, бір бала тәрбиелеп отыр.

IMG-20180726-WA0000.jpg



ТЕНБАЕВ

Қайрат Ермұратұлы

(басқарушы директор)

Тенбаев Қайрат Ермұратұлы 1977 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген, Қостанай облысының тумасы. 

Арқалық педагогикалық институты (1995-1999 жж) және Орталық Азия Университеті (1999-2003 жж) «Құқықтану» мамандығын аяқтаған. «People You Need» ЖШС – «Қазақстан Республикасындағы сатып алуларды құқықтық реттеу», «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС – «2008 жылы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау», Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағы – «Стратегиялық көрсеткіштері жүйелерін әзірлеу (Balanced Scorecard) және оны енгізу бойынша жобаны басқару», «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС – «2008 жылы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау», «Сигма» Консалтинг компаниясы» ЖШС –«СМК ИСО 9001,ИСО 19011 ішкі аудитор», «Эрнст энд янг» ЖШС - «Қаржыгерлерге емес қаржы» тақырыптары бойынша біліктілікті жоғарлату курстарынан, семинарлардан және тағылымдамалардан өтті.

Еңбек өтілі – 17 жыл. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде офицер болып бастаған. Кейін келесі құрылымдарында әртүрлі қызмет атқарған: «Инжиниринг орталығы және технологиялар трансферті» АҚ - Инновациялық инфрақұрылымдарын дамыту департементінің менеджері (2003-2005 жж); «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ – Басқарма Төрағасының көмекшісі, Корпоративтік дамыту департаментінің қызметкерлерді басқару жөніндегі менеджері (2005-2006 жж); «Ақпараттық технологиялар паркін» басқару жөніндегі компания» ЖШС - қызмет көрсетуді ұйымдастыру бөлімінің бас менеджері (2006-2007жж); «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - Әкімшілік департаментінің директоры, Қауіпсіздік және әкімшілік жұмысы департаментінің директоры, заң департаментінің бас маманы (2007-2009 жж); «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - Әкімшілік департаментінің директоры (2009-2011 гг); «Қазақстанның Даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ - Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры (2012-2014гг); «Казимпэкс» Республикалық орталығы» АҚ - Басқарма Төрағасының Кеңесшісі, Коммерция департаментінің директоры, Аутсорсинг және пайдалану департаментінің директоры, Басқарушы директор – Басқарма Мүшесі (2014 – 2016 гг). 

2016 жылдың желтоқсан айында «Астана Су Арнасы» МКК материалдық-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Астана Су Арнасы» МКК Басқарушы директор. 

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

888AF81E-EF60-45B3-BA6B-3078B46B6CFC.jpeg