"Су мұражайы"

СУ МҰРАЖАЙЫ

 

2008 жылы «Астана су арнасы» МКК Қазақстанда алғашқы Су Мұражайы құрылды. Өткеннің ең қызықты тарихи құжаттары – қолмен жазылған альбомдар, карталар, жұмыс сызбалары мұражай экспозициясына ұсынылған. Мұражай залдарында қаладағы кәріздендіру және сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесін қалыптастырудың бүкіл тарихын байқауға болады.

Нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығын тудыратын су ортасының сақталуына өз жауапкершілігін сезіне отырып, «Астана су арнасы» МКК экологиялық саясатты жүзеге асырады, оның бір бөлігі халыққа экологиялық білім беру болып табылады.

Мұражай материалдарын дипломдық жобаларда, мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдарын және реферат дайындауда ғылыми жұмыскерлер, оқушылар, студенттер кеңінен қолданады.

Мұражай «Астана су арнасы» МКК өндірістік алаңында орналасқан.

Мұражайдың есігі сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері – 9.00-ден 17.30-ға дейін ашық.