Жаңа су құбыры желілерін жуу және дезинфекциялау жүргізу туралы

Тұтынушылар үшін жаңа су құбырларын жуу және дезинфекциялау туралы ақпарат

 «Астана су арнасы» МКК Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы бойынша агенттігінің 29.12.2011 жылғы  №539 «Ауыз суды және тазартылған ағын суды  залалсыздандыру» туралы бұйрығына сәйкес су және ағындардың көлемі орнатылған су құбырларына жуылатын кезде қайтадан есептелетінін хабарлайды. Аталған нормативтік-техникалық құжат өз күшіне 01.02.2012ж енген.

Сіздерден объектілерді жобалау және оларға құрылыс жүргізу, сондай-ақ қайта өңдеу кезінде  көрсетілген нұсқаулық бойынша (№539 29.12.2011ж  бастап)  қайта құрылған су құбырларында жуу үшін кететін шығынды бірге есептеулеріңізді сұраймыз.

Жаңа су құбырларын жуу және дезинфекциялау.  Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ететін қайта орнатылған  құбыр желісін іске қоспас бұрын ең алдымен оның гидравикалық сынақтан төзімділігін және  алдағы дезинфекциялау барысындағы герметикалық қасиетін тексереді. Орнатылған су құбырында гидравликалық сынақты жүргізу үшін ереже бойынша,  қалған лас заттарды  және кездейсоқ заттарды жою үшін құбыр желісі істеп тұрған құбыр желісі арқылы айналма құбырлар негізінде алдын-ала тазартылады, құбыр желісі жоғары дәрежедегі су қысымы мен жылдамдығы нәтижесінде, кем дегенде  1 м/сек уақытта, құбыр желісін толық толтыру арқылы жуылады.  Тазалау су әбден мөлдір болғанша және өзге  тазаланғанша жүргізіледі. 900мм қлшемдегі құбыр желілерінің  жуылмас бұрын іші тексеріледі.  Лас және артық заттар алынып тасталады. Құбыр желілеріндегі су шығаратын жерлердің саны мен орналасуына байланысты магистраль мен су тартқыш үшін 3 км дейінгі ұзындықта және тартқыш желілер үшін 1 км ұзындықта  тазарту жүреді.  Құбыр желілерінің жуылатын аймағында су шығатын жер болмаса  онда ол гидранттар мен  осы үшін арналған арнайы фасонды бөліктер арқылы жүзеге асады.  Құбыр желілерін алдын-ала  жуғаннан кейін және гидравликалық сынақтан соң «Құбыр желісінің гидравликалық сынақ арқылы төзімділігі мен герметикалығын  тексеру туралы акт жүргізу туралы» сынақтың өткізу күні және оның жалғасын табатындығы туралы акт дайындалады. Гидравликалық сынақтан өткен соң құбыр желісі  дезинфекциялау үшін 40-20мг/л актив хлоры бар хлорлы ерітіндімен толтырылады. Хлорлы су құбыр желісінде 1 күннен артық болмауы тиіс.  Хлорлау аяқталғаннан кейін судағы хлор мөлшері 1мг/л аспауы керек.  Дезинфекция аяқталғаннан кейін хлорлы су ағызылады, ал құбыр желісі істеп тұрған құбыр желісіндегі судың жоғарғы жылдамдығы арқылы (1м/сек аз емес) қайта жуылады, құбыр желісі әбден толтырылғаннан кейін лабораториялық зерттеу үшін құбыр желісі жуылып біткен соң суды сынаққа алып кетеді. Сынаққа алынған су сапасы  ауыз суға қатысты санитарлық талаптар мен нормаларға жауап беруі тиіс.  Жуу және дезинфекциялау процестері сынақ ретінде екі рет алынған су лабораториялық зерттеу нәтижелерімен сәйкес деп табылса, сондай-ақ орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қойылған талаптарға жауап берсе аяқталған болып есептеледі. Егер судың сапасы санитарлық тәртіп пен нормаға сәйкес келмесе құбыр желілері қайтадан дезинфекцияланып, қайтадан жуылады.

Дезинфекция аяқталғаннан кейін құбыр желілеріндегі хлорлы суды хлор мөлшері 2-3мг/л болғанша сумен араластырады. Хлорлы суды төгу барысында оның балықтары бар сулар мен малдарды суаруға арналған жерлерге, сондай-ақ алқаптар мен егістіктерде тасымас үшін қадағалау керек және т.б.

Құбыр желілерін  дезинфекциялау және жуу эксплутациялаушы  қызмет көрсететін құрылыс орталықтары пен МСЭБ ұйымдарының күші мен құралдары негізінде жүзеге асады. Сынақтарды іріктеу санэпидемиялық лабораториялар мен эксплутациялау қызметін жүргізетін жерлерде жүргізіледі. Лабораториядағы қызметтер дезинфекцияланған судың сапасын тексереді және ондағы актив хлорынының мөлшерін анықтайды.  Су сынақтан өткен соң оң нәтижелі болғаннан кейін МСЭБ «Ауыз суын сынақтан өткізу» туралы хаттама дайындайды.  Дезинфекция мен жуу нәижелеріне акт дайындалады, актты құрылыс ұйымдарының өкілі, эксплутациялық қызмет өкілі,  санитарлық-эпидемиологиялық зертхана дайындайды.  Актта алдын-ала жуудың ұзақтығы және хлорлау, хлор мөлшері,  сонымен қатар судың сынақтан өткен нәтижесі жазылады.  Жоғарыда көрсетілген  актілер келесі жолы орнатылған құбыр желілерінде жүргізілетін эксплуатация мен  құбырларды жууға кеткен су шығынының көлемін анықтауға негіз болады.  Назарға ала отырып, құрылыс ұйымдары  орнатылған құбыр желелерін  іске қосылған құбыр желісіндегі судың жоғарғы қысымы арқылы жуылады,  ал оны жууға кеткен жылдамдығы 1м/сек су көлемі құбырлардың диаметрімен қатынасы бар гидравикалық есептеу арқылы есептелінеді, онда жуу уақытынан бастап оң сараптама алғанға дейінгі кезі алынады «Ауыз суды сынақтан өткізу туралы хаттама).