Компания жаңалықтары

Адал еңбек-ыстық ықылас

Қоғам игілігі үшін қызмет еткендерге – құрмет!

 Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» «Нұра» аудандық бөлімшесі «Астана су арнасы» қызметкерлеріне ерекше ықылас танытты.

 «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл шара – қаламыздың тыныс-тіршілігіне елеулі үлесін қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына деген алғыс пен ризашылықтың белгісі.

Күннің ыстығы мен суығына, тіптен боранды күндерге де қарамастан үздіксіз еңбек ететін су арнасы қызметкерлеріне ыстық тағам мен салқын сусын ұсынылып, шынайы лебіздер айтылды. Бұл – тек бір сәттік қолдау ғанк емес, жұмысшылардың еңсесін көтеретін үлгі боларлық шара.

Адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген әрбір азамат құрметке лайық. Осындай шынайы жанашырлық, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайта түсетіні сөзсіз.