Сарқынды суларды төгудің рұқсат етілген нормалары

Ағынды сулардың рұқсат етілген төгінділерінің нормалары

                                                                                                                  ЗЗРК бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) Астана қаласының су бұру жүйесіне шығарылатын өндірістік ағынды суларға тұрақты түрде бақылау жүргізеді. Ағынды суларды бұруды жүзеге асыратын кәсіпорындар тарапынан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларын (ЗЗРК) асырып жіберуге жол бермеу мақсатында, Қызмет көрсетуші өндірістік бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы №436 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Қызмет көрсетуші кәсіпорындардың кәріз желілерінің жағдайын тексереді және бақылайды, сондай-ақ қала су бұру жүйесіне шығарылатын өндірістік ағынды сулардың мөлшері мен сапалық құрамына қажетті бақылау жүргізеді. Осы мақсатта қалалық кәріз жүйесіне қосылған су пайдаланушылардан ағынды сулардың сынамалары алынады. Бұл жұмыстар жергілікті тазарту құрылыстарының тиімділігін тексеру, сондай-ақ зиянды заттардың шекті жол берілетін концентрацияларының артуына жол бермеу мақсатында химиялық талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсетуші тараптың өкілдеріне аталған жұмыстарды орындау үшін келесі құқықтар беріледі:

- ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардан кәсіпорындардың су бұру жүйесіне және сарқынды сулардың пайда болу, қалыптасу шарттарына қатысты барлық мәселелер бойынша мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;

- кәсіпорындар мен ұйымдардың су бұру жүйелерінің жай-күйін және олардың тиімді жұмыс істеуін бақылау, сондай-ақ зертханалық талдау жүргізу үшін сынамалар алу мақсатында тәулік уақытына қарамастан тексеру жұмыстарын жүргізу және оның нәтижелері бойынша тиісті актіні ресімдеу;

- Зертханалық талдау нәтижелерін белгіленген шекті рұқсат етілген концентрациялармен (ШРК) салыстыру;

- Белгіленген нормалардан асып кету анықталған жағдайда нұсқама жазу;

- Жергілікті тазарту құрылыстарын (ЖТҚ) орнатуды талап ету;

- Қызмет түрін нақтылау мақсатында шартты қайта жасасуды талап ету;

- Шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК) асқан жағдайда бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкес қосымша тазарту бойынша төлем есептеу;

- Тиісті деректерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру;

- Бақылау құдығына немесе есепке алу тораптарына кіруге кедергі келтірілген жағдайда, сондай-ақ зиянды заттардың шекті жол берілетін концентрациясы үш мәрте асырылған жағдайда, сарқынды суларды қабылдау қызметін тоқтату немесе шектеу.

         Сарқынды суларды қабылдау ережелеріне сәйкес келесі ұғымдар қолданылады:

1.     Сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі немесе ластанған аумақта пайда болатын сулар: өндірістік немесе тұрмыстық мақсатта қолданылған, қосымша ластаушы заттардың қоспаларын алған және бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгертетін сулар;

2.     Зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (бұдан әрі – ЗЗРК) – су бұру жүйелеріне ағызылатын тұтынушының сарқынды суларындағы зиянды заттардың жол берілетін құрамының шамасы.

3.     Өндірістік сарқынды сулар – физикалық немесе заңды тұлғалар суды өндірістік мақсатта қолданғаннан кейін шығарылатын сулар. Өндірістік сарқынды суларға сондай-ақ автокөлік жуу орындарында, тамақтану кәсіпорындарында, сауда орталықтарында, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарда (кір жуу орындары, химиялық тазарту орындары, автожанармай станциялары, емдеу және фармацевтикалық орталықтар) қолданылған судан шыққан сулар жатады;

4.     Бақылау құдығы – тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдық, оның жүйеге қосылатын тұсындағы, сарқынды сулардан сынама алу және көлемдерін есепке алу мақсатында арналған;

5.     Бақылау сынамасы – бақылау құдығынан алынған сарқынды сулардың сынамасы, оның құрамын (зиянды заттардың болуы және олардың концентрациясы) анықтау үшін, су бұру жүйесіне шығарылады;

6.     Май ұстайтын құрылғы (жироловка) – май қоспалары бар сарқынды суларды су бұру желісіне шығарғанға дейін жергілікті тазартуды қамтамасыз ететін құрылғы;

7.     Жергілікті тазарту құрылыстары – тұтынушының өз сарқынды суларын елді мекеннің су бұру жүйесіне шығарғанға дейін тазартуға арналған құрылғылар мен құрылыстар жиынтығы;

8.     Су бұру жүйесіне шығару – ғимарат немесе құрылыс объектісінен су бұру желісіндегі алғашқы құдыққа дейінгі құбыр.

Астана қаласының су бұру жүйесіне ағызылатын ағынды сулар құрамындағы зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясының нормалары.

Заттардың атауы (көрсеткіштер)

Өлшем бірлігі

Норма

1

рН (сутегі көрсеткіші)

6,5-9,0

2

Температура

+40 аспайды

3

Шаңқыш заттар

Мг/л

500

4

Мұнай өнімдері

Мг/л

14

5

Темір

Мг/л

5

6

ОХТ (оттегінің химиялық тұтынуы)

Мг/л

500

7

Аммоний азоты

Мг/л

30

8

Жалпы азот

Мг/л

30

9

ББЗ (беттік белсенді заттар)

Мг/л

20

10

Хлоридтер

Мг/л

350

11

Фосфаттар

Мг/л

5

12

Сульфаттар

Мг/л

500

13

БОТ 5 (биологиялық оттегін тұтыну)

Мг/л

425

14

Қатты қалдық (құрғақ қалдық)

Мг/л

1000

15

Майлар

Мг/л

50

16

Мырыш

Мг/л

1,0

17

Үшвалентті хром (алтывалентті хром)

Мг/л

2,5 (0,1)

18

Никель

Мг/л

0,5