Қайта есептеулер регламенті және анықтамаларды беру тәртібі

Қайта есептеу тәртібі

Құрметті су тұтынушылар!

1.     Қайта есептеулердің барлық түрлері су тұтынушының өтініші бойынша, құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ жеке куәлігін қоса берген жағдайда жүргізіледі.

2.     Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтері үшін төлемді қайта есептеу, су тұтынушының өтініші негізінде, қайта есептеуге негіз туындаған сәттен бастап растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, елді мекендердің суқұбыры және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

2.1. Қайтыс болуына байланысты қайта есептеу қайтыс болғаны туралы куәлік және тіркелген тұлғалар туралы мәлімет (жеке су есептегіш болмаған жағдайда) негізінде жүргізіледі.

2.2. Басқа қалада оқу кезеңі үшін қайта есептеу жылына екі рет (1 және 2 семестр үшін) оқу орнынан берілген анықтамалар негізінде, анықтамада көрсетілген соңғы күннен бастап, жеке су есептегіш құралдары болмаған жағдайда жүргізіледі.

2.3. Су тұтынушы есептегіштің көрсеткіштерін ұсынбаған жағдайда, жеткізуші қолданыстағы тарифтер бойынша тәуліктік орташа су тұтыну көлеміне сүйене отырып есеп жасайды. Жеткізуші бақылау көрсеткіштерін алған кезде, нақты тұтынуға сәйкес қайта есептеу жүргізіледі.

2.4. Қашықтықтан алынған су есептегішінің көрсеткіштері мен су есептегіш индикаторындағы көрсеткіштер арасында айырмашылық болған жағдайда, жеткізушінің су есептегішіндегі индикатор көрсеткіштері негізге алынады және көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлеміне тиісті қайта есептеу жүргізіледі.

3.     Дачалық кооперативтер, ПИК, МИБ, құрылысшылар және т.б. берген анықтамалар қайта есептеуге қабылданбайды. Пәтерден (үйден) шыққан жағдайда су жабу арматурасы пломбылануы тиіс, ол үшін ішкі желілер техникалық тұрғыда жарамды болуы қажет. Пәтерде (үйде) болмаған кезең үшін есептеу өнім өткізу қызметі бақылаушысы жасақтаған су жабу арматурасын пломбылау актісінің негізінде ғана жүргізілмейді.

4.     Пәтер (үй) иесі ауысқан жағдайда, өтініске пәтерге (үйге) меншік құқығын растайтын құжаттардың және жеке куәліктің көшірмелері қоса беріледі.

Су тұтынушылардың қарызының бар/жоқтығы туралы анықтама беру тәртібі

1.     Анықтама пәтердің (үйдің) иесіне немесе нотариалды рәсімделген сенімхатқа ие тұлғаға ғана беріледі.

2.      Қажетті құжаттар: жеке куәлік, меншік құқығын немесе мүлікті пайдалануға өзге құқықты растайтын құжат.

3.     Анықтама тек көрсеткіштерді, есептеулерді және олар үшін түскен төлемдерді салыстырып тексергеннен кейін ғана беріледі (есептегіш бойынша төлем жасаған жағдайда су есептегіш көрсеткіштерін алу актісі болуы қажет).

4.     Деректер тексеріліп, расталғаннан кейін анықтама беріледі.

5.     Қарыздың жоқтығы туралы анықтама тек Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК ақпараттық-есептеу бөлімінде, мекенжайы: Абай даңғылы 103, жеке тұлғаларға арналған тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында беріледі.