Жеке тұлғаларға

Ашық келісім шарт

Типтік келісім шарт

                                                                                                                                       Жеке тұлғалармен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға арналған өтініш;

      2) нысанға қосуға арналған техникалық шарттар (ЖТҚ үшін);

      3) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқалары):

     жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе нысанға құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалдау, найм, өтеусіз пайдалану, қарызға беру, мүлікті сенімгерлік басқару шарттары);

     меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен;

     бірге тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат;

     үйдің техникалық паспорты немесе пәтер жоспары – көшірме (тексеру үшін түпнұсқа).

     Жеке типтік шарттарды жасау келесі мекенжайлар бойынша ақпараттық-есеп айырысу учаскелерінде жүзеге асырылады:

-Абай даңғылы, 103

-Бөгенбай даңғылы, 50

-Қажымұқан көшесі, 8/1

-Тұран даңғылы, 12

-Сейфуллин көшесі, 27 (QALQ QYZMET қалалық қызмет көрсету орталығы).