Турнир - естелік пен алғыс белгісі!

⠀ «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК-нің спорт залында кәсіпорын қызметкерлері арасында турнир ұйымдастырылды. Бұл жарыс – ұжым мен мекеме дамуына айрықша үлес қосқан, еңбегі сіңген бұрынғы бас директор Жанбыршы Есетович Нұркеновтің жарқын бейнесіне арналған. ⠀
Оның басшылығы кезінде қызметкерлердің тұрғын үй жағдайы едәуір жақсартылып, әлеуметтік қолдау көрсетілді, сондай-ақ бүгінде кәсіпорынның корпоративтік рухы мен командалық бірлігінің символына айналған спорт залы салынды. ⠀
Турнир мекеме басшылығы мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен өтуде. Бұл – ұжым ішіндегі дәстүрді сақтап, командалық рухты нығайтудың маңыздылығын көрсетеді. ⠀
Чемпионат қызметкерлерді біріктіріп, алаңда өздерін көрсетуге, ауызбіршілік пен әділ ойынды паш етіп, құрметті басшының рухына тағзым етуге мүмкіндік беруде. Қазірдің өзінде алғашқы үш матч өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге жарқын әсер сыйлады. ⠀
Жарыс 10–24 маусым аралығында өтеді. ⠀
Бұл турнир – жай ғана спорттық шара емес, кәсіпорын тарихында есімі мәңгі сақталатын тұлғаға деген алғыс пен құрметтің белгісі.