Компания жаңалықтары

Мерейтой иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы сіздерді шын жүректен мерейтойларыңызбен құттықтайды!  Сіздер жылдар бойы қажырлы еңбекпен мекеменің дамуына, қаламыздың үздіксіз сумен қамтылуына сүбелі үлес қосып келесіздер.  Кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз – бүкіл ұжым үшін үлгі. 

Ал жинақтаған мол тәжірибелеріңіз – ортақ табыстарымыздың негізі. Барша ұжым атынан адал қызметтеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс пен шабыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, әр қадамыңыз жаңа жетістікке толы болсын!


2025 жылғы шілде айының мерейтой иелері: 

1. Сивоха Виктория Валентиновна – КОС КНС машинисі, 60 жас, еңбек өтілі – 33 жыл

2. Яценко Светлана Михайловна – Сату қызметінің абоненттік учаске басшысы, 50 жас, еңбек өтілі – 14 жыл

3. Утяева Ботагөз Қалымбекқызы – Сату қызметінің маманы, 50 жас, еңбек өтілі – 1,5 жыл

4. Мұханалиев Бейімбет Қасымбекұлы – Су беру қызметінің машинисі, 60 жас, еңбек өтілі – 23 жыл

5. Сайдалин Ерік Рахымбекұлы – СГМ жүргізушісі, 60 жас, еңбек өтілі – 16 жыл

6. Сарбасов Адай Серікұлы – СГМ жүргізушісі, 60 жас, еңбек өтілі – 15 жыл

7. Жантасов Марат Қасымұлы – КНС машинисі, 50 жас, еңбек өтілі – 6 жыл

8. Нұробаев Нұрлұбек Тәукенұлы – Кәріз қызметінің бақылаушысы, 60 жас, еңбек өтілі – 3 жыл

9. Шамсудинов Вячеслав Шамилұлы – СГМ жүргізушісі, 50 жас, еңбек өтілі – 8 ай.