Компания жаңалықтары

«Астана су арнасы» шағын футболдан ІІ орын алды.

Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-ның 45 жылдығына орай ұйымдастырылған елордалық коммуналдық кәсіпорындар арасындағы мини-футболдан спартакиадада жеңіске жеткен командаларды марапаттау рәсімі өтті.
 «Астана Су Арнасы» командасы II орынға ие болып, 120 000 теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды! Команда ойыншысы Абдрахманов Нұрзат Қайыркелдинұлы “Ең үздік сұрмерген” атанып, арнайы грамотамен марапатталды!
Осы спорттық шараны ұйымдастырған «Астана-АЭК» АҚ-на алғысымыз шексіз! 
Жеңістеріміз жалғасын таба берсін!