Кәсіподақ белсенділері арасында — үздік деп танылған «Астана Су Арнасы»

Форум барысында «Бастауыш кәсіподақ ұйымының үздік жастар кеңесі» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау бес кезеңнен тұрды:
1. «Кәсіподаққа қосыл!» үгіт-плакаты байқауы
2. «Кәсіподақ имиджі» PR-акциясы
3. «Жастар және ұжымдық шарт» байқауы
4. «Мен неге төраға болғым келеді…» жас көшбасшылар байқауы
5. Жастар кәсіподақ активі жұмысы туралы бейнероликтер байқауы
Байқауға төрт ұйымнан 16 қатысушы өтініш бергенімен, финалға тек ең табанды әрі белсенді 5 адам ғана шықты. Байқау бес айға созылып, қатысушылар өз шығармашылықтары мен кәсіподаққа деген белсенділіктерін көрсетті.
Астана су арнасынан финалға шыққан қатысушылар:
• Окенова Каракөз Дауытқызы-Баспасөз қызметінің PR менеджері
• Макенова Асель Даулетовна-өнім өткізу қызметінің маманы
• Ғазез Акбота-Сынақ зертханасының инженер-химигі
Олар жалпы бірінші орын иеленіп, ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, олардың бейнеролигі байқаудың «Жастар кәсіподақ активінің жұмысы туралы үздік бейнеролик» номинациясында да бірінші орынға лайық деп танылды.