Компания жаңалықтары

Тәуелсіздік күніне орай «Астана Су Арнасы» ұжымында мерекелік атмосфера қалыптасты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында
«Астана Су Арнасы»ұжымында елге деген құрмет пен мақтанышқа толы ерекше атмосфера қалыптасты.

Жұмыс кабинеттері ұлттық түстермен безендіріліп, қызметкерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бейнеленген корпоративтік киім кию арқылы мерекелік рухты қолдады. Бұл көрініс Отанымыздың тарихына, құндылықтарына және Тәуелсіздігіне деген құрметтің айқын белгісі болды.

Осы айтулы күні біз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан батырларды ризашылықпен еске алып, олардың ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етеміз.

Тәуелсіздік күні — еркіндіктің, бірліктің және ел болашағы үшін әрқайсымыздың жауапкершілігіміздің символы.