Компания жаңалықтары

Астана Су Арнасы» Шымкенттен келген әріптестерімен тәжірибе алмасты!

«Астана Су Арнасы» Шымкенттен келген әріптестерімен тәжірибе алмасты! ???? Елордамыздың су жүйесі қалай басқарылады? Озық технологиялар сумен қамту сапасын қалай жақсартады? Бұл сұрақтардың жауабын біз Шымкент қаласынан келген әріптестерімізбен кездесуде жан-жақты талқыладық! Кездесу барысында қонақтарымызға Орталық диспетчерлік қызметтің жұмысы мен біз енгізген заманауи технологиялар таныстырылды. Биылғы жыл — «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы»! Осыған орай, әріптестерімізге келесі бағыттар бойынша өз жетістіктерімізді көрсеттік: Смарт-шешімдер: Су желілерін қашықтықтан және тиімді басқару. Жасанды интеллект (ЖИ): Болуы мүмкін апаттардың алдын алу және жүйе жұмысын оңтайландыру. Біз үшін жаңа технологиялар — жай ғана тренд емес, бұл елорданы сапалы әрі үздіксіз сумен қамтудың басты кепілі! Әріптестерімізге қызықты кездесу мен тәжірибе алмасу үшін алғыс білдіреміз! Біз әрқашан дамуға және жаңашылдыққа ашықпыз.