Жаңалықтар

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Құрметті жазылушылар! «Астана Су Арнасы» МКК ұжымы баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтайды! Бұл мейірімділік айы, Рамазан айында қасиетті Құран түсірілген. Ораза айы барлық келіспеушіліктерді жоққа шығарып, мұсылмандарды бірлікке, достық пен жасампаздыққа, мейірімділік пен жанашырлыққа, мұқтаждарға көмектесуге шақырады. Ораза айының күндері қоғамда өзара түсіністік пен толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етсін. Ораза айында баршаға сенім мен табандылық тілейміз. Алла бізге осы айдың рақымын беріп, бүкіл үмбетті біріктірсін! Әмин.