Жаңалықтар

Төтенше жағдай

Сарыарқа ауданында, Сарыбұлақ және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында "Сарыарқа Инжиниринг" ЖШС жұмысшылары диаметрі 150 мм су құбырының шойын құбырына зақым келтірді.

Осыған байланысты Сарыбұлақ көшесіндегі Мәскеуден Тлендиевке дейінгі жеке сектор тұрғындары үшін сумен жабдықтау уақытша тоқтатылды.

Авариялық жағдайды су құбырына зақым келтірген Тарап өз күшімен жояды.

Бұл жерге су таситын көлік жіберілді. Мұндай оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайсыздықты азайту үшін мұндай әрекеттерді "Астана Су Арнасы" мамандарымен келісу қажет.

https://youtube.com/shorts/i_Z7iFG5Nes?feature=share