Жаңалықтар

"Құрылыс қоқыстарына байланысты құдықтағы кептеліс: Түркістан көшесіндегі оқиға"

Астана Су арнасы хабарлайды:

17 тамызда Түркістан көшесінің жол жиегінде кәріз құдығынан ағынды судың тасуы орын алды.

Мәселе анықталғаннан шұғыл оқиға орнына апаттық топ жіберілді. Анықтау барысында кәріз желісінің бітелуі құрылыс қоқыстарынан туындағаны анықталды.

Жұмысшылар жүйені жедел тазалап, судың тасуын тоқтатты.

Тұтынушылардан кәріз жүйесін пайдалану ережелерін сақтауды сұраймыз, өйткені пәтерлерді жөндеу бригадалары көбіне шүберектерді, целлофан, кірпіш орауға арналған жіптер мен әртүрлі құрылыс қоспаларын, сондай-ақ гигиена құралдары мен қатты тағамдарды кәріз құбырларына тастайды. 

Сіздің әрекетіңіз болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

1F260FD1-5678-48DF-9BD2-8B66D9EAF0FD.jpg