Сала үздіктері “Ерен еңбегі үшін” меделімен марапатталды

«Астана су арнасы» мекемесінің екі қызметкері — Оразбаев Ибрагим Қаиреслямұлы мен Байжанов Жазбек Тайыпұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің марапатына ие болды.
Оразбаев Ибрагим Қаиреслямұлы – «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК-ның су беру қызметіне қарасты «Омская» станциясының машинисі,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат — ел игілігі жолындағы адал қызметі мен кәсіби шеберлігі үшін берілетін жоғары құрмет. 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2002 жылы «Астана су арнасы» кәсіпорнында №3 жөндеу-пайдалану учаскесінде слесарь болып еңбек жолын бастаған.
2021 жылы су беру қызметіндегі «Омская» станциясына машинис ретінде ауыстырылып, осы күнге дейін абыроймен қызмет етіп келеді. Көп жылғы табанды еңбегімен қатар, ол өзін жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәжірибелі ұстаз ретінде де көрсете білді: «Бүкіл жас мамандарды үйретіп, бәрі өз ісінің білікті шебері болды», – дейді ол шәкірттері жайында мақтанышпен.
Оның адалдығы, кәсібіне деген сүйіспеншілігі және қарапайым адамгершілігі — өскелең ұрпаққа үлгі.
Ол – еңбек адамы. Ол – халықтың тынысын қамтамасыз етіп жүрген үнсіз батыр. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері – Байжанов Жазбек Тайыпұлы
Байжанов Жазбек Тайыпұлы 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
1982 жылы Целиноград облысының Краснознаменск ауданындағы кәсіптік-техникалық училищені кең бейінді тракторшы-машинист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1999 жылы «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-де «Нұра-Есіл» сорғы станциясының слесарі болып бастаған. 2014 жылы сол станцияның машинисі лауазымына ауыстырылып, бүгінгі күнге дейін сенімді әрі жауапты қызмет атқарып келеді. Жазбек Тайыпұлының жұмысындағы негізгі міндеттерге:
— станцияларға,
— сорғыларға,
— сүзгілерге,
— тексеру клапандарына,
— ысырмалар мен клапандарға уақтылы техникалық қызмет көрсету,
— ағып кетулерді анықтау және жөндеу жатады.
Оның күш-жігерінің арқасында төтенше жағдайлар қаупі азайды,сумен жабдықтау сенімділігі артты, жүйенің тұрақтылығы мен сапасы жақсарды.
Мемлекеттік деңгейде бағаланған бұл марапат – адал еңбектің жарқын көрінісі!
Жазбек Тайыпұлына зор алғыс пен шексіз құрмет білдіреміз!