Қауіпсіздік басты назарда: кәріз құдықтарына қорғаныш торлар орнатылуда
Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, аяғымыздың астына көп мән бере бермейміз. Ал аулада ойнап жүрген балалар оны тіпті байқамай қалуы мүмкін. Өкінішке орай, құдық қақпақтарының ұрлануы немесе сынуы – Астанамызда әлі де кездесіп тұратын жағдай. Бұл қауіптің алдын алу үшін "Астана-Су арнасы" мамандары кәріз құдықтарына арнайы темір қорғаныш торларын орнатуды белсенді түрде жалғастыруда. Бұл торлардың қызметі қандай? Егер қақпақ жоқ болған күннің өзінде, берік тор адамның, әсіресе балалардың ішіне құлап кетуінен қорғайды. Тордың қаншалықты мықты екенін видеодан көре аласыздар! Дегенмен, қала қауіпсіздігі – ортақ ісіміз. Егер сіз көшеде немесе аулаңызда ашық жатқан құдықты байқасаңыз, өтінеміз, бейжай қарамаңыз! Бізге бірден хабарласыңыз, біздің мамандар жедел түрде жетіп, қауіптің бетін қайтарады:
Direct: @astanasu.kz
Орталық диспетчер: +7 701 996 8849;
Call-орталық: 1302 немесе 270-370;
WhatsApp: 8 778 003 70 70;
Сайт: astanasu.kz;
Сіздің бір ғана қоңырауыңыз немесе хабарламаңыз біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Елордамыз қауіпсіз қала болсын!