ТКШ қызметкерлері күні: сала үздіктері марапатталды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кәсіби мереке қарсаңында сала үздіктерін ұлықтау шарасы ұйымдастырылды. Министр Ерсайын Нагаспаев азаматтардың жайлы өмірін қамтамасыз етуде қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарды құттықтап, олардың қоғам үшін маңызды рөлін атап өтті. Салтанатты жиын барысында өз ісінің шеберлері мен сала ардагерлеріне арнайы марапаттар табыс етілді.