Авариялық-диспетчерлік қызметке Жүсіпбек Аймауытов көшесі, 7/3 мекенжайынан өтініш келіп түсті. Бригада мамандары жүргізген тексеріс барысында су шыққан аумақта жеке сектор тұрғындары тарапынан құдық орнатылғаны және ақаудың сол жерден туындағаны анықталды. Жедел түрде қабылданған шаралардың нәтижесінде ақау қалпына келтіріліп, судың ағуы дер кезінде тоқтатылды.