Халыққа жаңалықтар

Жемқорлықтың алдын алу: түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін «Астана Су Арнасы» ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу шараларына арналған маңызды кездесу өтті. Жиынға арнайы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген спикерлеріміз: Балғабеков Бауыржан Нұрлыбекұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары; Айтуева Акерке Кенжебайқызы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы. Кездесу барысында жемқорлық тәуекелдерін жою, заңнама талаптарын қатаң сақтау және қоғамдағы әділдікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Біз үшін қала тұрғындарына сапалы, адал әрі ашық қызмет көрсету – әрқашан бірінші орында. Тұтынушылармен сенімді байланыс орнату бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз!