Еңбекке құрмет: мерейтой иелерін құттықтау
Бүгін «Астана Су Арнасы» МКК-де биыл 50 және 60 жасқа толған құрметті қызметкерлерімізді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Олар — өз ісінің нағыз кәсіби мамандары, көптеген жылдар бойы адал еңбек етіп, елорданың сумен жабдықтау жүйесінің дамуына және оның үздіксіз жұмыс істеуіне зор үлес қосып келе жатқан жандар.
Сіздерге адал еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз және іске деген адалдықтарыңыз — ортақ жұмысымыздың берік негізі!
Біздің мерейтой иелері (сәуір):Доскеева Бақыт Сейтқазинқызы — өткізу қызметінің маманы (50 жас, еңбек өтілі 8 жыл)
Ахметова Алмагүл Аскербайқызы — әкімшілік-шаруашылық бөлімінің тазалаушысы (60 жас, еңбек өтілі 5 жыл)
Белокурова Наталья Павловна — өткізу қызметінің бақылаушысы (50 жас, еңбек өтілі 1 жыл)
Магданова Гүлнар Қорқытқызы — өткізу қызметінің бақылаушысы (60 жас, еңбек өтілі 5 ай)
Каппаров Сембе Нұртазанұлы — СГМ экскаваторшысы (60 жас, еңбек өтілі 24 жыл)
Бүркітбаев Тахир Тәжіқұлы — СГМ жүргізушісі (60 жас, еңбек өтілі 15 жыл)
Жуков Александр Юрьевич — кәріз қызметінің электромонтері (50 жас, еңбек өтілі 11 жыл)
Жарбулов Қыдыргелді Рахымкелдіұлы — КОС слесарі (50 жас, еңбек өтілі 10 жыл)
Жұмаділов Болат Далаұлы — КОС слесарі (60 жас, еңбек өтілі 10 жыл).