Халыққа жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» су тазарту саласындағы тәжірибесімен бөлісті

«Астана Су Арнасы» кәсіпорынында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің, сондай-ақ комитет өкілдері мен Түркістан облысының су шаруашылығы саласының мамандары арнайы іссапармен келді. Кездесу барысында су тазарту саласындағы тәжірибемізбен бөлісіп, тазарту нысандарында қолданылатын заманауи технологиялар туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар өндірістік нысандарды аралап, су тазарту жүйелерінің жұмысымен танысып, қолданыстағы технологиялар бойынша өзара пікір алмасты. Іссапардың негізгі мақсаты – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы су тазарту құрылыстарының жобасын әзірлеу және өңірде тиімді технологияларды енгізу бағытында тәжірибе алмасу болып табылады.