Жаңалықтар

«Астана су арнасы» МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК (бұдан
әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Қазақстан
Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының
10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Кәсіпорында сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілейді.
2. Кәсіпорын қызметкері:
2.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын сумен
жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін көрсету саласындағы жеке және
заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы
Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық
актілерінің талаптарын басшылыққа алуы;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтарды ашуға белсенді қатысуы және Қазақстан
Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамасының сақталуына дербес жауапты болуы;
3) жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
сақтауы және әріптестерінен талап етуі;
4) заңнамаға сәйкес келмейтін және табыс алумен байланысты
кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруға біреуге жәрдемдесуге
бағытталған іс-әрекеттер жасаудан тартынуы;
5) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін
іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуі;
6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
жасауға көндірмеуі;
7) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 12-бабы
11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес заңды және жеке тұлғалардан ақша
қаражатын, көрсетілетін қызметтерді, сыйлықтарды, тауарларды қоса
алғанда, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген міндеттерін
орындағаны үшін сыйақы алмауы;
8) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу
немесе өндіріп алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге
де ақпаратты пайдаланбауы;
9) жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа тең қол жеткізуін
қамтамасыз етуі;
10) жеке және заңды тұлғаларға берілуі «Ақпаратқа қол жеткізу
туралы» заңда көзделген ақпараттан бас тартпауы;
11) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңда белгіленген ақпарат беру
мерзімдерін сақтауы, сондай-ақ анық және толық ақпарат беруі;
12) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы;

13) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз
араласуды жүзеге асырмауы;
14) қызметтік жағдайын теріс пайдалануға, негізсіз төрешілдік
көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен кемсітушілік көріністеріне жол
бермеуі;
15) Кәсіпорынның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш
білдірген адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуі;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін іске асыру нәтижесінде
алынған коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын ақпараттың жария етілуіне және (немесе) таратылуына
жол бермеуі;
17) жеке сипаттағы мәселелерді және т. б. шешу кезінде Кәсіпорын
қызметкерлерінің, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің және өзге де
тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауы
керек.
2.2 өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді
дайындау және қабылдау кезінде:
1) өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге
асыруы;
2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды
тұлғаларға артықшылық көрсетпеуі, олардың ықпалынан тәуелсіз болуы;
3) орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығына күмән туралы
тікелей басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауы;
4) жасалған немесе жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық туралы басшылыққа дереу баяндауы;
5) мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де
ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу
туралы басшылыққа дереу баяндауы;
6) ақпарат пайдаланушылармен және иеленушілермен өзара іс-қимыл
жасау кезінде тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіруге және
олар анықталған жағдайда басшыға тиісті ақпарат беруі;
7) бағынысты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік
өкілеттіктерінің көлемін нақты және анық айқындауы;
8) мүдделер қақтығысына жол бермеуі, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қолдануы;
9) егер тікелей басшы мүдделер қақтығысына өзі тартылса, жоғары
тұрған басшылыққа жүгінуі;
10) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесінің
біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуі;
11) олардың қызметінің нәтижелерін бағалауы, сондай-ақ көтермелеу
және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуы;
12) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде толық шаралар
қабылдауы;

13) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде
қарамағындағы адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын
пайдаланбауы керек.
2.3. тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге
де өзара қарым-қатынастар кезінде:
1) сұрау салуларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау
кезінде әуре-сарсаңға салуға және дәйексіз мәліметтер беру фактілеріне жол
бермеуі;
2) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты
мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін
пайдаланбауы;
3) дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз
мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі;
4) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік
белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуі,
меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуі;
5) анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің
аясынан шығатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуі;
6) қызметі немесе жұмысы бойынша жоғары тұрған не төмен тұрған
не онымен өзге де тәуелді лауазымды тұлғамен ақшалай немесе өзге де
мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауы;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуі, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде
олардың өтініштерін қарауы және олар бойынша қажетті шаралар қолдануы;
8) өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге
асыруы;
9) қызметтік этиканы сақтауы;
10) Қазақстан Республикасының Заңында тәртіптік, әкімшілік не
қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық
бұзушылықтар жасауға жол бермеуі және т. б.;
11) қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін, оның
ішінде бағынысты қызметкерлерді тартуға жол бермеуі керек.
3. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын
сақтау.
3.2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді
сақтау.

4. Қорытынды ережелер.

4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Кәсіпорынның барлық
қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
4.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындамағаны
немесе тиісінше орындамағаны үшін Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
4.3. Осы стандарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасының талаптарына сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
4.4. Осы стандарттарға барлық өзгерістер Кәсіпорынның тиісті
бұйрықтарымен енгізіледі.
4.5. Осы стандарттарда тікелей көзделмеген мәселелер Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4.6. Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарттарды сақтауын бақылау Кәсіпорынның тиісті құрылымдық
бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.