Жаңалықтар

Инвестициялық бағдарламаны қамтуға арналған пресс-тур

«Астана су арнасы» МКК-нің жоғары білікті жұмысшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің өкілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам қайраткерлеріне тозығы жеткен су құбырларын ауыстыру бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстарында көлденең бағытта бұрғылау технологияларын қолданылуын көрсетті.0C1A1924.JPG 0C1A1883.JPG

Баспасөз туры барысында «Астана Су Арнасы» МКК бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Эльдар Асқаров инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген қаржыны компанияның қаншалықты ашық түрде жұмсалып жатқанын көрсетті.

Осы мақсатта, тур ұзындығы 430 метр болатын D = 400 мм су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқан Куйши Дина 2 және Куйши Дина 4 мекен-жайынан басталды. Бұл кезеңде жұмыс негізінен аяқталды, тек ұңғымалар орналастыру жұмыстары реттелуде.

Тәуелсіздік даңғылының бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында ұзындығы 1,5 км болатын D = 400 мм сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысанда желілік диагностика қызметінің бастығы Диас Қарабалин ультрадыбыстық шығын өлшегіштің, ағындарды анықтайтын детектордың және су желілерінің бағытын анықтайтын құралдың жұмысын көрсетті.

Аталмыш жабдықтар учаскеде судың шығыны мен қысымын, желілердің нақты орналасуын анықтауға және жасырын ағып кетулерді табуға мүмкіндік береді.

0C1A1871.JPG0C1A1927.JPG

Пушкин көшесінің бойымен Абылай хан даңғылының қиылысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында сорғы және сүзгі станциясының шекарасында Жансүгірұлы көшесінен Сатпаев көшесіне дейін, ұзындығы 3,5 шақырым жол төсемінің астынан су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Траншеясыз төсеу тұрғындардың қозғалысы мен көлік құралдарының жүруіне қолайсыздықты азайту, инфрақұрылымды бұзбай аумақтың абаттандырылуын сақтау мақсатында жүзеге асырылуда. Жалпы, бұл қайта жаңартылған су құбырлары 1965-1985 жылдары салынған, әбден тозған, ағып кетуі де жиі кездеседі, бұл олардың жұмысына және көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер етеді.

333.jpg0C1A1917.JPG0C1A1918.JPG0C1A1927.JPG

Инвестициялық бағдарламаның негізгі жобалары - тозығы жеткен энергетикалық жабдықты ауыстыру, автоматиканы енгізу, су сорғы станциясы мен канализациялық сорғы станциясының сорғы жабдықтарын ауыстыру, сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру, жабдық сатып алу.