Жаңалықтар

Назар аударыңыздар! Су өшіріледі

Құрметті тұрғындар!

"Астана Су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны диаметрі 1000 мм су құбырында жоспарлы жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар Кенесары көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында жүргізіледі.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 5 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 12:00-ге дейін келесі тұрғын үй объектілеріне ауыз су беру тоқтатылады:

1.Кенесары көшесі, 58, 60а, 74, 80, 82, 84 үйлер;
2.Пушкин көшесі, 13 үй;
З. Дубинин тұйық көшесі, 2а үй;
4.Бейсекбаев көшесі, 11 үй.

"Сарыарқа" ауданында судың қысымы төмендейді.
Сізден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне тәуліктік су қорын алдын ала дайындауды сұраймыз. Түсінгеніңіз үшін рахмет.