Жаңалықтар

«Астана су арнасы» көмекке мұқтаж қызметкерлеріне қолдау көрсетуде.

«Астана су арнасы» көмекке мұқтаж қызметкерлеріне қолдау көрсетуде. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуынан туындаған төтенше жағдай кезінде «Астана Су Арнасы» МКК әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, елорда тұрғындарын сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етудің алдыңғы шебінде қалған жұмысшылардың қалыпты қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды. Төтенше және карантиндік жағдай айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік шығындарға әкелді.

Жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған және материалдық көмекке мұқтаж қызметкерлерге қолдау көрсету үшін кәсіподақ қаражатын бөлуге шешім қабылдады. Жұмысшылардың жалпы тізімі -  кәсіпорынның барлық бөлімшелеріндегі қиын өмірлік жағдайда қалған көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өкілдерін қамтиды.

Бір жолғы төлем «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының 100-ден астам жұмысшысына 25 000 теңгеден 2,5 млн.теңге қаражат бөлінді. Әлеуметтік қолдаудың бұл әрекеті жұмысшылардың ризашылығына ие болды. Басшылыққа сорғы және сүзгі станциясының газ дәнекерлеушісі Б.К. Нұрмагамбетов, су бұру қызметінің инженері О.Н. Каптюг және бірқатар әріптестер оларға көңіл бөліп, қасиетті Рамазан айы қарсаңында көрсетілген уақытылы көмек үшін ризашылықтарын білдірді. # Бізбіргеміз